Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Қостанай облысында ғарыштық зымыранды ұшырудағы экологиялық қауіпсіздік жайында қоғамдық тыңдалым өтті

2017 жылдың 6-қазанында Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Торғай ауылында «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-2» зымыранын ұшырғанда ғарыш аппараттарының полярлы орбитаға бөлінуі кезінде оның қоршаған ортаға тигізер әсерін бағалауға байланысты қоғамдық тыңдалым өтті.

Іс-шараға ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Атамқұлов, Қостанай облысының әкімі А.Мұхамбетов, сонымен бірге орталық және жергілікті мемлекеттік орган жетекшілері, «Роскосмос» Мемлекеттік корпорациясы (РФ) мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Облыс әкімі А.Мұхамбетов ашылу сөз сөйледі. Ол қоғамдық тыңдалым өткізу барысында барлық тұрғындардың пікірі ескерілетінін және облыс әкімдігі Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және «Роскосмоспен» бірлесе отырып, кең көлемде түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін баса айтты.

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Атамқұлов қатысушыларға Қазақстан тәуелсіздік жылдарында көптеген жетістіктерге қол жеткізгенін, оның ішінде ғарышты игеруде және қорғаныс-өнеркәсіп кешенінде көш ілгері келе жатқанын айта келіп, бұл жетістіктер барлық қазақстандықтардың игілігі мен қауіпсіздігі үшін жасалып жатқанын тілге тиек етті.

Тыңдалымды ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі Вице-министрі М.Нұрғожин ашты. Ол аталған тыңдалым «Союз-2» зымыран-тасығыштар ұшырылымдардың қоршаған ортаға тигізетін әсерін және Қостанай облысындағы Жангелді ауданын алғашқы сатының бүйірлік блоктарының құлау ауданы ретінде пайдалануды зерттеу үшін өткізіліп тұрғанын хабарлады.

«Роскосмос» Мемлекеттік корпорацияның өкілі В. Митиннің айтуы бойынша, аталған құлау ауданы «OneWeb» ірі халықаралық жобаны жүзеге асыру үшін қажет. Аталған жобаның аясында 2019 жылға қарай мобильді спутниктік байланыс технологиялардың көмегімен бүкіл әлемдегі Интернет пайдаланушылар, оның ішінде аймақтар да желіге кеңжолақты қатынаумен қамтамасыз етілетін болады.

ҚР ҚАӨМ Аэроғарыш комитетінің «Бәйтерек» Бірлескен Ресейлік-Қазақстандық кәсіпорын» АҚ өкілі Ж. Қазниязов «Союз-2» зымыраны өте сенімді екенін және зымыран-ғарыштық кешен халықаралық ұйымдардың барлық экологиялық талаптарға сай келетінін баяндады.

ҚР ҚАӨМ Аэроғарыш комитетінің «Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығының Бас директоры Ж. Жұбатов өз баяндамасында сараптама нәтижелері бойынша аталған зымыран кешенінің қоршаған ортаға әсері минималды екенін айтты. Себебі кешен қозғалтқыштары оттегі мен керосинмен жұмыс істейтін зымыран-тасығыштардың негізінде құрастырылуда.

Кездесу барысында жұртшылық өкілдері спикерлерге бірқатар сұрақ қойып, толыққанды жауап алды. Сонымен қатар, олар кейінгі жұмыстарда барлық тыңдалым қатысушылардың ұсыныстар мен ескертулерді максималды түрде ескеруге кеңес берді.

Іс-шара соңында Қоғамдық тыңдалымның Хаттамасына қол қойылды. Бұл Хаттама қоршаған ортаға әсерді бағалаумен бірге мүдделі орталық мемлекеттік орган – ҚР Энергетика министрлігіне жіберілетін болады.

Источник


Кері қайту