Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мемлекеттік қызметшілері жыл сайынғы "Bolashak Job Fair 2017" бос орындар жәрмеңкесіне қатысты

2017 жылғы 21 қазан күні Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мемлекеттік қызметшілері бәсекеге қабілетті жас және перспективті мамандарды Министрліктің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарына жұмысқа тарту мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-мен Қазақ Гуманитарлы заң университетімен бірлесе ұйымдастырылған жыл сайынғы «Bolashak Job Fair 2017» бос орындар жәрмеңкесіне қатысты.

Іс-шара барысында жеке бөлінген презентация залында Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры А. Жұмабек Министрліктің қызметі туралы және ашық бос орындар туралы баяндама жасады.

Осылайша, жәрмеңкеде 50-ден астам азаматтарға мемлекеттік қызметке және Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарына қызметке тұру туралы кеңестер берілді және 2017 жылы қараша айының соңында өтетін ашық есік күніне шақырылды.

Источник


Кері қайту