09.06.2026 жыл Арыс қаласында орналасқан оқ-дәрілерді кәдеге жарату объектісіне АҚШ-тың донор ұйымының бағдарламалық жетекшісі Родни Робидо, АҚШ Елшілігінің Астана қаласындағы саяси үйлестірушісі Самуэл Фонтела, АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулдығының саяси-экономикалық мәселелер жөніндегі бөлім басшысы Сесилия Чо, ITF компаниясының Орталық Азия бойынша өңірлік бағдарламалық директоры Урбан Шпитал, ITF компаниясының әдеттегі қару-жарақты кәдеге жарату жөніндегі сарапшысы Блаж Михелич, сондай-ақ ITF-тің Орталық Азия бойынша өңірлік өкілдері Медетбек Султанбеков пен Жомарт Акаевтан құралған шетелдік делегация келді.
Сапардың мақсаты — DemilTech инженерлік модулін құру жұмыстарының барысымен танысу, сондай-ақ «Калкан-7» ЖШС әзірлеген 30 мм оқ-дәрілерді кәдеге жарату модулін қарау болды.
Келу барысында қонақтарға жобаны іске асырудың ағымдағы нәтижелері, жабдықтың техникалық мүмкіндіктері және оқ-дәрілерді қауіпсіз кәдеге жарату саласындағы одан әрі ынтымақтастықтың перспективалары таныстырылды.